homepage
Видеодан кадр

Балғамен ұрып, өртеп жіберген: Алматы облысында кәсіпкер өліміне қатысты тың дерек шықты

03.04.2025, 10:43

Алматы облысында кәсіпкер серіктесін өлтіріп, көлігімен бірге өртеп жіберген Тапқан табысын бөлісе алмаған. Алматы облысында бизнес серіктесі ер адамды өлтіріп, көлігімен бірге өртеп жіберген, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

43 ЖАСТАҒЫ КҮДІКТІ ҚОЛҒА ТҮСТІ

КТК телеарнасының хабарлауынша, жанып кеткен көлік пен ішіндегі мәйіт Қарасай ауданындағы демалыс орнының маңынан табылды. Оқиға орнында қазір отқа оранған көліктің бөлшектері ғана қалған.

Полицейлер қылмыстық іс қозғап, көп ұзамай 43 жастағы күдіктіні ұстады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында.

ТАБЫСТАРЫН БӨЛІСЕ АЛМАҒАН БА?

Мәліметтерге қарағанда, екі ер адам ортақ кәсіптеріне байланысты жанжалдасып қалған. Яғни жүк тасымалдаумен айналысатын серіктестер табыстарын бөлісе алмаса керек. Кейін күдікті құрдасын балғамен ұрып, іле-шала көлігімен қоса өртеп жіберіпті.

«Маған полиция ертең ерте, сағат 8-де лом алуға келді. Көлік жүк салғышының ішінде жатқан дейді. Жүк салғышын ашқпан, ішінде... күйіп кеткен дейді», - деп пікір білдірді Алматы облысының тұрғыны Алмасбек Сарменбетов.
 

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.