homepage
Фото: kazpravda.kz

Қарағандыда шенеунік пара алды және ақша жымқырды деген күдікке ілінді

02.04.2025, 10:10

Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық департаменттердің бірінің басшысына және оған бағынысты қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Департамент басшысы орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 1 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

«Сонымен қатар айыпталушылар жалған жұмыспен қамтылған қызметкерлердің шоттарына жалпы сомасы 2,5 млн теңгеге жалақы, сыйлықақы және іссапар шығыстарын негізсіз аудару арқылы адамдар тобында бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталып отыр”, - делінген Антикор хабарламасында.

Айыпталушылар сотқа тартылды.