Семейде жас баланы қорлаған жасөспірімдердің ата-аналары жазаланды, деп хабарлайды Juzmedia.
СОТ ҚАНДАЙ ҮКІМ ШЫҒАРДЫ?
Абай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Семейде алтыншы сынып оқушысын ұрып-соғуға қатысы бар жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты әкімшілік істерді қарады.
Отырыс қорытындысы бойынша сот жасөспірімдердің ата-аналарын балаларын тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп танып, оларға әкімшілік жаза тағайындады.
«Сот қаулысына сәйкес азамат Л.А. 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, ал азаматтар Д.М., М.Т., Т.А. және А.К. әрқайсысына 78 640 теңгеден айыппұл салынды», - деп жазады alashtimeskz порталы.
БҰЗАҚЫЛЫҚ ЖАСАҒАН БАЛАЛАР ҚАЛАЙ ЖАЗАЛАНДЫ?
Бұған дейін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот бұзақыларды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарына жіберу туралы азаматтық істерді қараған болатын.
Сот шешімімен үш жасөспірім Серебрянск қаласындағы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы режимдегі облыстық арнайы мектеп-интернатына орналастырылды:
Сот қалған үш бұзақыны арнайы мектепке жібермеді, өйткені олардың бірі ынталы оқушы болып шықты, ал қалған екеуі тиісті жасқа толмаған.
«Соттың барлық шешімдері тәрбие жұмысын жүргізу және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қабылданды. Қажет болған жағдайда жасөспірімдердің арнайы мектептерде болу мерзімі мекеме әкімшілігінің өтініші бойынша ұзартылуы мүмкін», — деп атап өтті облыстық соттың баспасөз қызметі.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Еске салайық, Семейде 11 жасар Әлинұр есімді жасөспірімді жоғары сынып оқушылары аяусыз соққыға жыққан оқиғасы бүкіл елдің жағасын ұстатқан болатын.
Жасөспірімдер тарапынан соққыға жығылған балаға бас-ми жарақаты және гематома диагнозы қойылды.
Шабуыл жасағандар арнайы мектепке жіберілгені айтылып, олардың ата-аналары жауапқа тартылды.
Мектеп директоры қызметінен босатылды.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен, баланы ұрып-соққан үш жасөспірім арнайы мектепке жіберілді, тағы үшеуі ювеналды полицияның бақылауына алынды.
Көп ұзамай облыс әкімінің орынбасарынан бастап, Абай облыстық білім бөлімінің бастығы жұмыстан шығарылып, Семей қаласының әкімі, Бесқарағай ауданы әкімі және бірқатар шенеунік тәртіптік жазаға тартылды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.