homepage
Фото: Yonhap

Зират басында рәсім жасаған: Оңтүстік Кореядағы алапат өртке кінәлі адам анықталды

30.03.2025, 16:45

56 жастағы ер адам Солтүстік Кёнсан провинциясының Уисонг уезінде төбе басындағы отбасылық бейітте жатқан ата-бабасына арнап рәсім жасаған кезде от қойған деп айыпталды. Отқа ұқыпсыз қарау соңы Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығыс бөлігін шарпыған алапат орман өртіне әкеп соққан,  деп хабарлайды Juzmedia

Бұл туралы Yonhap ақпарат агенттігі хабарлады.

Полиция жексенбі күні елдің оңтүстік-шығысында жаппай орман өртін туғызды деген күдікпен ер адамды ұстағанын хабарлады.

"56 жастағы ер адам 22 наурызда сағат 11:25-те Солтүстік Кёнсан провинциясының Уисонг округіндегі төбе басында ата-бабаларына табыну рәсімін жасап жатқан кезде от тұтатып, артынша өрттің өршуіне себеп болған деп айыпталуда. Қатты жел мен құрғақ шөп әсерінен өрт тез арада жақын маңдағы Андон, Чхонсон, Ёнъян және Ёндок аумақтарына тарап, Солтүстік Кенсан провинциясында 26 адамның өмірін жалмады», - деп жазды басылым.

Орман өрттері 4 мыңға жуық ғимаратты толығымен өртеп жіберген. ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралары тізіміне енгізілген Гонг ғибадатханасы, сондай-ақ тұрғын үйлер, зауыттар мен басқа нысандардың орны тып-типыл болған.

Полиция мәліметінше, күдікті өзіне тағылған айыпты жоққа шығарған.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығысында 20-дан астам адам қаза тапқан алапат орман өрттері туралы хабарланған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.