homepage
conyersnix.com

Павлодарда бұрынғы құқық қорғау қызметкерлерінен құралған қылмыстық топ ұсталды

29.03.2025, 16:34

Павлодар облысында қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Juzmedia

Облыс прокуратурасының бастамасымен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында Экономикалық тергеулер департаментінің қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қолдауымен құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері мен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен құралған қылмыстық топтың іс әрекетін тоқтатты.

«Бұл топ ірі көлемде ақша қаражатын иемденуге мақсатында жәбірленушіні оның автокөлігінде күш қолдану арқылы ұстады. Адам ұрлау және бопсалау фактілері бойынша материалдар ҚР Қылмыстық кодексінің 125 және 194-баптары бойынша материалдар прокуратураның СТБТ-де тіркелді, алдын ала тергеу арнайы прокурорлармен жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Күдіктілер ұсталды, оларға қатысты сотпен қамауға алу шарасы таңдалды.

“Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа қылмыстық әрекеттерін анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізілуде”, – деді прокуратура өкілдері.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.