homepage
Athit Perawongmetha / Getty Images

Мьянмадағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 1 мыңнан асты

29.03.2025, 10:34

Мьянмадағы күшті жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1 002-ге жетті, деп хабарлайды Juzmedia.

Бұл туралы Қытайдың Орталық телевидениесі Мьянма БАҚ-тарына сілтеме жасап хабарлады.

Сондай-ақ 2376 адамның зардап шеккені айтылды.

28 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50-де магнитудасы 7,7 болған жер сілкінісі болып, соның салдарынан елдің бүкіл аумағында және көршілес штаттарда ауыр зардаптарға әкеп соқты.

Куәгерлердің айтуынша, тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттары мен ауруханалар қирап қалған.

Мьянма билігі барлық елден гуманитарлық көмек сұрап, «шетелдік көмек үшін барлық жолдың ашылғанын» мәлімдеді.

БҰҰ Мьянмаға және басқа зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету үшін 5 миллион доллар жіберетінін мәлім етті. Ұйым табиғи апаты Мьянмадағы «онсыз да ауыр гуманитарлық жағдайды» ушықтырып жібергенін атап өтті.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.