Түркістан облысының прокуратурасы Telegram әлеуметтік желісіне талдау жүргізу барысында порнографиялық сипаттағы, оның ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен фото/бейне материалдарды көруге арналған ақылы арнаны анықтады, деп хабарлайды Juzmedia.
БАЛАЛАР ПОРНОГРАФИЯСЫН 2500 ТЕҢГЕГЕ САТҚАН
Аталған факті бойынша қаулы шығару арқылы жедел-іздестіру іс-шаралары басталды.
«Осылайша, тексеру барысында «Telegram» желісінде 2500 теңгеге порнографиялық бейнеролик, оның ішінде кәмелетке толмағандар мен мектеп оқушыларына қатысты материалдар ұсынылғаны анықталды», - делінген Түркістан облыстық прокуратурасы таратқан хабарламада.
АРНАҒА 8 МЫҢНАН АСТАМ ЖАЗЫЛУШЫ ТІРКЕЛГЕН
Желі аудиториясы Қазақстан және ТМД елдерінің жазылушылары екені анықталды. Жалпы саны 8012 жазылушы тіркелген.
Арнайы іс-шараларының нәтижесімен сайт ұйымдастырушылары мен қарау, кіру және жазылу үшін ақша төленетін дроперлер анықталды.
«14.03.2025ж. облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен аталған топ мүшелері Түркістан және Қызылорда облыстарында ұсталды. Ұйымдастырушы бұған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған, қазіргі таңда ол қамауға алынған», - деп атап өтті ведомство өкілдері.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 311-бабы және 312-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
8 МЫҢ ЖАЗЫЛУШЫНЫҢ ПЕДОФИЛИЯҒА ҚАТЫСЫ БАР МА?
Бұдан бөлек, прокуратураның нұсқауымен «Telegram» желісіндегі 8 мың жазылушысына қатысты олардың әрекеттерінде педофилия белгілерінің бар-жоғы және осыған ұқсас қылмыстар үшін бұрын сотталғандарды анықтау бағытында тексеру жұмыстары басталды.
Құқыққа қайшы ниет расталған жағдайда мұндай адамдарды уәкілетті және құқық қорғау органдары есепке алатын болады.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.