ЖЫЛ САЙЫН 15 МЛРД ТЕҢГЕ
Саяси партияларды қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен 45,7 млрд теңге бөлінді.
ҚАЙ ПАРТИЯ КӨБІРЕК АҚША АЛАДЫ
“Саяси партиялар туралы” заңға сәйкес, Парламент Мәжілісінде өкілдік ететін партияларға жыл сайын республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді. Қаржы сайлау кезінде дауыс берген адам санына қарай есептеледі. Яғни, партия неғұрлым көп дауыс жинаса, соғұрлым көп қаржы алады. Әрбір дауыс берген адам үшін ең төменгі жалақы мөлшерінің үш пайызы қаралған.
7 МЛРД “AMANATТЫҢ” ЕНШІСІНДЕ МЕ?
Қазіргі уақытта Парламентте 5 партия жұмыс істейді. Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылы 19 наурызда өткен еді. Дауыс беру қорытындысы бойынша, 53,9%-бен “AMANAT” партиясы алға шыққан. “Ауыл” партиясы - 10,9%, Respublica - 8,59%, Қазақстан Халық партиясы - 6,8%, “Ақ жол” - 8,41%, ЖСДП - 5,2%.
Айта кету керек, бюджет қаражатынан бөлек елдегі әр партия мүшелік жарна жинайды. Оның көлемі қанша екенін алдағы уақытта тарқатып жазатын боламыз.