Қазақстанның Түркиядағы елшілігі қазақстандықтарға демонстрациялар мен митингілерге жеке қатысудан аулақ болуды сұрады, деп хабарлайды Juzmedia.
«Қалыптасқан жағдайға байланысты халық көп жиналатын орындарға бармауға, шерулер мен митингілерге қатысудан бас тартуға, күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтауға, қырағылық пен сақтыққа, жаңалықтарды қадағалап, биліктің нұсқаулықтарын орындауға және Қазақстан Республикасының Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуға шақырамыз», — делінген елшілік хабарламасында.
Елшілік әлеуметтік желілерде демонстрациялар (митингтер) туралы ақпаратты және ағымдағы оқиғаларға қатысты жеке бағалар мен пікірлерді таратудан бас тартуға шақырды.
«Сонымен қатар әлеуметтік желілерде демонстрациялар (митингтер) туралы ақпаратты және ағымдағы оқиғаларға қатысты жеке бағалар мен пікірлерді таратудан бас тартуға аса назар аударамыз», — делінген хабарламада.
Қазақстанның Түркиядағы шетелдік өкілдіктерінің жедел желі телефондары:
Еске салайық, 19 наурызда Түркияның Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлының лаңкестік және сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен қамауға алынуына байланысты елдің әр аймағынан наразылық шерулері басталған болатын. Ірі қалаларда полиция наразылық білдірушілерге қарсы көзден жас ағызатын газ бен су атқыштарын қолданған. Түркиядағы шерулер кезінде 323 адам ұсталды. Бүгін, 23 наурызда сот Экрем Имамоғлуды қамауға алу туралы шешім қабылдады.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.