2024 жылы дүниежүзінде 9 мыңға жуық мигрант сапар үстінде ажал құшқан, деп хабарлайды Juzmedia.
ТЕҢІЗ АРҚЫЛЫ ҚОНЫС АУДАРМАҚ БОЛҒАНДАРДЫҢ ҚАУІПТІ САПАРЫ
Тарихта «мигранттар ең көп ажал құшқан жыл» ретінде қалған 2024 жылы дүниежүзі бойынша 8 938 адам жақсы өмір іздеп жолға шыққанда көз жұмған. Бұл туралы БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) сайтындағы баяндамасында айтылған.
Ұйым мәліметінше, мигранттар өлім бесінші жылдан бері бойы өсіп жатыр. Мысалы, 2023 жылы 8 747 мигрант қайтыс болған.
"Бүкіл әлемде мигранттар өлімінің артуы үлкен трагедия болып отыр, бірақ оның алдын алуға болар еді. Әрбір санның артында қайғылы адам тағдыры тұрғанын ұмытпайық", - деді ХБҰ Бас директорының орынбасары Угочи Дэниэлс.
ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР САНЫ ӘЛДЕҚАЙДА КӨП БОЛУЫ МҮМКІН
Жаһандық статистикадан өзге, 2024 жыл әлемнің көптеген аймағы, соның ішінде Азия (2 778 өлім тіркелді), Африка (2 242) және Еуропа (233) үшін тарихтағы ең көп өлім болған жыл болды.
“2024 жылы Жерорта теңізінде тіркелген 2 452 өлім-жітім саны тарихта жыл сайынғы ең үлкен рекордтық көрсеткіш болмаса да, бұл санның тым көптігі іздеу және құтқару жүйесі қажет екенін, сондай-ақ қауіпсіз әрі тұрақты көші-қон жолдары керек екенін көрсетеді”, - дейді сарапшылар.
Мигранттар өлімінің басты себебі зорлық-зомбылықтан болған өлім екені атап өтілді.
Сонымен бірге ХБҰ өлген және жоғалған мигранттардың нақты саны әлдеқайда көп болуы мүмкін деп мәлімдеді. Ал қаза тапқан немесе із-түзсіз жоғалғандардың көпшілігінің кім екені де белгісіз.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.