«Қазақалтын» алтын өндіру кәсіпорнына қарасты Бестөбе кенішінде жазатайым оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бір адам жарақат алды, деп хабарлайды Juzmedia.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Nayza Kokshe жазуынша, қайғылы оқиға 19 наурызда Степногор қаласы маңында болған.
«Бекіткіш дайындайтын ағаштарды көтеріп жатқанда тау үйіндісінің бір бөлігі құлап кеткен. Ссоның салдарынан филиал қызметкерлері зардап шекті. Зардап шеккендер сағат 13:30-да жер бетіне шығарылды. 1989 жылы туған бір ер адам аман қалып, қазір қалалық ауруханада жатыр. Екіншісі оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕДІ?
Ақмола облыстық полиция департаменті қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Бестөбе» кенішіндегі «Западная» кенішіндегі жұмысшының өліміне қатысты абайсызда «Адам өліміне әкеп соқтырған еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп атап өтті полицейлер.
Қайғылы оқиғаның мән-жайын полиция мен Еңбек министрлігінің мемлекеттік инспекторлары, жұмыс беруші мен қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен арнайы комиссия анықтап жатыр.
Еске салайық, 19 наурызда «Қазақмыс» компаниясына қарасты шахтада 30 жастағы жұмысшы қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.