Қазақстандықтардың Алматыдан өзге өңірлерге қоныс аудару үрдісі жиілеп келеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
БІР ЖЫЛДА 1,5 МЛН АДАМ ҚОНЫС АУДАРҒАН
LS агенттігінің жазуынша, 2024 жылы 1,5 млн-нан астам адам тұрғылықты жерін ауыстырған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 47,5%-ға көп.
Оның ішінде өңірлер ішінде 820,8 мың қазақстандық көшкен (+48,7%), ал облыстан қоныс аударғандар саны – 689,5 мың адам (+46,2%).
АЛҒАШҚЫ ҮШТІКТІ АСТАНА БАСТАП ТҰР
Өңіраралық көші-қонға көз жүгіртсек, қазақстандықтардың көбісі Астанаға қоныс аударған – 150,9 мың адам (+46,7%).
«Сондай-ақ көшу үшін тартымды қалалар қатарында Алматы – 129,4 мың адам (+37,7%), Алматы облысы – 80,3 мың (+1,5 есе) және Шымкент – 68,4 мың (+1,5 есе) бар», - дейді сарапшылар.
Аталған өңірлерде көші-қон сальдосы оң көрсеткішке ие: +73,2 мың адам, +36 мың, +2,6 мың, +9,3 мың сәйкесінше.
КЕЙ ӨҢІРДЕ ХАЛЫҚ САНЫ АЗАЯ БАСТАҒАН
Ал басқа өңірлерде халық санының азаюы байқалады, әсіресе Түркістан (-31,9 мың адам) және Жамбыл (-16,6 мың адам) облыстарында тұрғындардың көшу қарқыны жоғары.
Қазақстандықтар ең көп қоныс аударатын өңірлердің алғашқы үштігіне Алматы (93,3 мың адам, +1,6 есе), Түркістан облысы (92,5 мың, +47,7%) және Астана (77,7 мың, +47%) енеді.
ШЕТЕЛГЕ ҚАНША АДАМ КЕТТІ?
Сыртқы көші-қонға келер болсақ, өткен жылы 12,7 мың адам елден кеткен.
Олар көбінесе тұрақты тұру үшін Германия, Ресей және АҚШ-ты таңдаған.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.