homepage
polisia.kz

БҚО-да бостандыққа шыққан педофил 8 жыл бойы бақылаусыз жүрген

13.03.2025, 13:27

Батыс Қазақстан облысында прокурорлар бостандыққа шыққан соң 8 жыл бойы әкімшілік қадағалаусыз жүрген педофилді анықтады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ведомство хабарлауынша, талдау барысында кәмелетке толмаған баланың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жазасын өтеген адамға 7 жылдан астам әкімшілік қадағалауды орнатпаудың фактісі анықталды.

Яғни, 2009 жылдың қарашасында Қаратөбе аудандық сотының үкімімен жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылған.

Ал 2017 жылдың тамыз айында ол бас бостандығынан айыру орындарынан босап, бірақ оған әкімшілік бақылау орнатылмаған.

«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы» Заңның 6-бабының талаптарына сәйкес әкімшілік қадағалау алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге, ал кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшiн жазасын өтеген адамдарға қатысты – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79-бабына сәйкес сотталғандық мерзімі өтелгенге дейін белгіленеді.

Аталған тұлға аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандықтан, оның соттылығы жазасын өтегеннен кейін сегіз жылдан кейін ғана жойылады, яғни 2025 жылдың тамызынан бұрын емес.

Қаратөбе ауданы прокуратурасының ұсынуы бойынша сотқа өтінішхат жолданып, 10.02.2025ж. жоғарыда аталған азаматқа әкімшілік қадағалау белгіленіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында оған заңмен белгіленген шектеулер қойылды.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.