homepage
kaz.nur.kz

Жетісу облысында ірі шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

12.03.2025, 11:09

Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, шенеунік электр желілік компаниясының басшысынан 500 мың теңге пара алған.

“Шенеунік 2025 жылға арналған электр энергиясының тарифі мен тарифтік сметасын көтергені үшін «Талдықорған акционерлік көлік-электржелілік компаниясы» АҚ басшысынан 500 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктеліп отыр”, – делінген хабарламада. 

Қазіргі кезде тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.  

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілерінің, оның ішінде жоғары лауазымды адамдар арасында жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастырып жатыр. 

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.