homepage
Valeria Nikitina / pexels.com

Қазақстандық әйелдер туралы қызықты деректер жарияланды

08.03.2025, 15:32

Халықаралық әйелдер күніне орай DATA HUB сарапшылары Қазақстан әйелдері туралы қызықты деректерді жариялады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Осы ғасырда дүниеге келген есімдердің ең танымал бестігіне Аружан, Айзере, Айша, Айару және Әмина кіреді. Жалпы осындай есімдер иеленген 317,4 мың қыз бар. Шамамен осы уақытта дүниеге келген қазақстандық қыздардың 8 пайызы осы бес есімді алған.

Әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 2023 жылға қарай 79 жастан асқан. Ғасыр басынан бері бұл көрсеткіш 8 жылға жуық өсіп, қазір Алматы мен Астанада ең жоғары көрсеткішке жетті.

21 ғасырда университет бітірген түлектер арасында ерлерге қарағанда, әйелдер үлесі жыл сайын артып келеді. Бұл үлес 60%-ға жетуі мүмкін;

2023 жылғы мәліметтер бойынша некеге тұратындар ішінде ең жиі тіркелетін жас - 20-24 жас. Өңірлерге қарасақ, 2024 жылдың басындағы жағдай бойынша осы жастағы қыздардың ең көбі Алматы қаласында (7,2%) тұрады.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.