homepage
Фото: lada.kz

Бесеуі – бала: Маңғыстауда бір отбасының 7 адамы қаза болды

02.03.2025, 11:35

Маңғыстау облысы Басқұдық ауылындағы жеке үйде жеті адамнан тұратын отбасы көмірқышқыл газына уланып, мерт болдыды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қайтыс болғандар Өзбекстан азаматтары екені анықталған. Олар Қазақстанда уақытша тұрып жатқан.

"Көмек көрсетуге келген құтқарушылар мен жедел жәрдем бригадасы оқиға орнынан 7 адамның денесін тапты, оның ішінде кәмелетке толмаған 5 бала бар. Олардың барлығы оқиға орнында көз жұмған. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің алдын ала болжамы бойынша, қайғылы оқиға газ жабдықтарын пайдалану ережесін бұзу салдарынан болған", - делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қайғылы оқиғаның себептерін анықтау үшін Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов басқаратын комиссия құрылды.

Қайтыс болған отбасының туыстарына жерлеумен қоса жан-жақты көмек көрсетіледі. Жағдай Маңғыстау облысы әкімінің жеке бақылауына алынды.