homepage
pexels.com/Mikhail Nilov

Мәжіліске Салық кодексінің жобасына түзетулер пакеті енгізілді

20.02.2025, 18:28

Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мәжіліске салық кодексінің жобасына түзетулер пакетін енгізді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

ӨЗГЕРІСТЕР САЛЫҚТЫҚ ӘКІМШІЛЕНДІРУДІ ЖЕТІЛДІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН

Негізгі түзетулер мыналарды қамтиды:

  • Қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу шегін төмендету –20 000 МРП (78,6 млн теңге) 3 800 МРП (15 млн теңге) дейін;
  • Қосылған құн салығының мөлшерлемесін арттыру – 12%-дан 16%-ға дейін, бұған қоса бірқатар салалар үшін төмендетілген мөлшерлеме 10% белгіленеді;
  • Жеңілдетілген декларация бойынша арнайы салық режимін қолдануды шектеу –   тек B2C сегментіне (бизнес түпкілікті тұтынушылар үшін) қолжетімді болады.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРУШІЛЕРІ ҚҚС ТӨЛЕМЕЙДІ

Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасеновтың айтуынша, бөлшек саудада (дүкендер, мейрамханалар, киім-кешек және аяқ киім сатушылар) ештеңе өзгермейді – олардың жылдық табысы 2,4 миллиард теңгеден аспаса, тауар айналымының 4 пайызын төлеуді жалғастырады.

«Ауыл шаруашылығы өндірушілері ҚҚС төлемейді, бұл баға деңгейіне оң әсер етеді», - деді Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов Сенат отырысында.

Еске салайық, Қазақстан Үкіметі қосымша құн салығының қолданыстағы ставкасын көтеруді және осы салық бойынша тіркеу шегін төмендетуді ұсынған болатын. Алайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет ұсынған ҚҚС мөлшерлемесі тым жоғары екенін айтып, министрлер кабинетіне мөлшерлеме мәселесін одан әрі пысықтауды тапсырды.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.