homepage

Тоқаев АЭС-ке қатысты өткен референдум қортындысы туралы айтты

Juzmedia. kz
23.10.2024, 14:55

Тоқаев атап өткендей, ауқымды саяси реформаларды жүзеге асыру арқылы қоғамдық-саяси өмірде түбегейлі өзгерістер орын алды.

Жақында өткен Атом электр станциясын салу жөніндегі референдумның қорытындысы – соның жарқын дәлелі. Азаматтардың 70 пайыздан астамы АЭС құрылысын қолдап дауыс берді. Бұл халқымыздың тағдыршешті сәттерде өрлеу жолын таңдайтынын көрсетті. «Түрлі көзқарас, біртұтас ұлт» қағидаты – мемлекеттік саясатымыздың негізі. Жалпы, энергия тапшылығының артуы – еліміз үшін өте өзекті проблеманың бірі. Оны дер кезінде шешпесе, экономикамыздың дамуына кедергі келтіріп, азаматтардың тұрмыс сапасына кері әсерін тигізеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетелік, АЭС бойынша референдум 6 қазан, жексенбі күні сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтті. ОСК берген ақпарат бойынша,  5 561 937 азамат, яғни 71,12 пайыз жақтап дауыс берген. 

Теги:

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.