homepage
Фото: Instagram sultankyzy

Ләйлә Сұлтанқызы «Жайдарманның» бас продюсері болды

20.02.2025, 11:32

Bala Jaidarman жобасын Бас продюсер ретінде Ләйлә Сұлтанқызы өз қолына алды. Бұл туралы “Жайдарман” қозғалысының директоры Жанасыл Болатбек хабарлады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«Енді ойынның деңгейі көтеріліп, балалар үшін әдемі алаңға айналатынына сенімдімін. Қазақтілді балаларға арналған контенттің дамуына үлкен серпіліс болады деген үміттемін», - деп жазды Ж. Болатбек Facebook-парақшасында.

Ол сондай-ақ кезекті маусымашарын бастап кеткен «Жайдарманның» тіл тазалығы үшін арнайы нұсқаулық жасап жатқанын атап өтті.

160 МЛН ТЕҢГЕ ТАБЫСЫНЫҢ САЛЫҒЫН ТӨЛЕМЕГЕН БЕ?

Айта кетсек, күні кеше ғана желіде миллиондап табыс тапса да, салық төлемей жүрген блогерлер тізімі жарияланды. Аталған тізім ішінде Ләйлә Сұлтанқызының 160 миллион теңгеден астам табысының есебінен мемлекетке құн төлемегені белгілі болды.

Аталған дерекке қатысты журналистің өзі желідегі парақшасында жазба жариялап, ҚР Заңына сай жұмыс істеп жатқанын және салық, құжат дегендерге бей-жай қарай алмайтынын жеткізген. 

«Өзгелер үшін жауап бере алмаймын. Мен соңғы 5-6 жылда жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, заңды түрде салығымды төлеп отырмын... Сондықтан алдағы уақытта салық органдарына жүгініп, міндетті түрде қайта тексерісті талап етемін. Салықтан ешкім жалтармайды, жалтармауы да тиіс. Ол әлеуметтік саланың бірден-бір қайнар көзі. Жанашырлық танытып жатқан жандарға да алғыс. Алдағы уақытта салық есептелігінің нәтижесімен міндетті түрде бөлісемін.», – деп жазды Ләйла Сұлтанқызы.