homepage
Фото: X/toure202123

Малиде алтын кеніші опырылып, 50-ге жуық адам қаза тапты

16.02.2025, 11:20

Сенбі күні кешке Малидің батысында заңсыз жұмыс істеп тұрған алтын кеніші опырылып құлап, кем дегенде 48 адам қаза болды, деп хабарлайды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

AFP агенттігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Кайес аймағының Кениба ауданында, бұрын қытайлық компания иелік еткен кеніште болған.

Белгілі болғандай, қаза тапқандардың басым көпшілігі – әйелдер. Тіпті қаза болғандар арасында балалар да бар екені айтылды.

“Бір топ әйел алтын іздеумен айналысып жүрген заңсыз шахтаның үстіне экскаватор құлаған. Оқиға орнында кем дегенде 48 адам қаза тауып, тағы 10 шақты адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді”, - делінген хабарламада.

Дегенмен кей дереккөз қаза болғандар саны 50-ден асқанын хабарлады.

“Қаза болғандардың нақты санын растау қиын, себебі кейбір жаралылардың жарақаты ауыр болғандықтан, құрбандар саны кез келген уақытта өсуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Оқиға орнында құтқару жұмысы жалғасып жатыр.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.