Өзбекстанда халықаралық іздеуде жүрген Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасов ұсталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Хабарлама Kozachkov offside Telegram арнасында пайда болды.
Бұрынғы шенеунік Қазақстаннан заңсыз түрде Қырғызстанға өтіп, ал ол жақтан Өзбекстанға заңсыз өтіп кеткен. Алайда оны жергілікті шекарашылардың қолына түскен.
“Енді оны 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр – бұл алдын ала келісім бойынша бір топ адам болып Өзбекстан Республикасының шекарасын заңсыз кесіп өткендерге қарастырылған жаза”, - делінген хабарламада.
Бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасовқа іздеу жарияланғанын растаған болатын. Ол алаяқтық жасады және шенеуніктерді пара беруге итермеледі деген күдікке ілінді.