Ермек Көшербаев Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Juzmedia.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, - делінген хабарламада.
Ермек Беделбайұлы Көшербаев 1965 жылғы 2 мамырда Алматыда дүниеге келген.
C.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1982-1988) Тарихшы, шет тілінде оқытатын тарих пәнінің мұғалімі, КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын (1991-04.1993) халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады, дипломат.
Қазақ, орыс, ағылшын, корей тілдерін меңгерген.
Ермек Көшербаев Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің («тарихшы») және КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының («дипломат») түлегі.
Еңбек жолын Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінде бастаған. Ұзақ уақыт бойы ол Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жүйесінде түрлі қызметтерді атқарды, оның ішінде Швейцариядағы елшілікте қызмет етті. Ол сондай-ақ Президент Әкімшілігінің кеңесшісі болды, Президент Протоколы қызметінің басшысы қызметін атқарды, Премьер-Министрдің көмекшісі қызметтерін атқарды.
Одан кейін Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қорында, «ҚазТрансОйл» және «ҚазМұнайГаз» компанияларында қызмет етті.
2003 жылы Rauan Media Group бас директоры болды. Кейін «ҚазМұнайГазда» қайтадан жұмыс істеді. Сондай-ақ «Атамекен» кәсіподақ, «Отан» партиясында қызметтер атқарған, «Бүркіт» қаржы-өндірістік тобының директоры, «KazEnergy» қауымдастығының атқарушы директоры болған.
2008 жылы «Рауан Медиа Групп» компаниясына жұмысқа қайта оралса, 2009 жылы SPK Ertis компаниясын басқарды. 2010 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (ол кезде облысты Бердібек Сапарбаев басқарған) болды. 2014 жылы Ауыл шаруашылығы вице-министрі, кейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы болды.
Одан кейін Ермек Көшербаев Сыртқы істер министрлігіне жұмысқа ауысып, әр уақытта жауапты хатшы және министрдің орынбасары қызметтерін атқарды. 2020 жылдың қаңтарында Қазақстанның Ресейдегі елшісі болды.
2023 жылғы 16 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Көшербаевты Шығыс Қазақстан облысының әкімі етіп тағайындады.2023 жылғы 16 маусымнан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрмет атақтары: «Құрмет» Ордені (12.2018).
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.