homepage
sozcu.com.tr

Түркиялық ұшақта Қазақстан азаматтары төбелес шығарған

14.02.2025, 09:39

Pegasus әуе компаниясының ұшағы шетел төбелесіне байланысты Түркияның Эрзурум қаласының әуежайына қонды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Түркиялық БАҚ жазуынша, 14 ақпан күні түнде ұшақ Анталиядан Астанаға ұшып шыққан сәтте қазақстандық әйелдер мен украиналық ерлі-зайыптылар арасында туындаған жанжал соңы төбелеске ұласқан.

Ұшақ қызметкерлері екі жақты тыныштандыра алмаған соң ұшқыштар түнгі сағат 02.00-де Эрзурум әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болған.

“Полиция төрт жолаушыны ұстап, учаскеге жеткізді. Артынша олар тексеруден өту үшін медициналық мекемеге жіберілді”, - делінген хабарламада.

Төбелеске қатысқан екі тарап та бір-біріне қарсы арыз жазған. Әуежайда бір сағаттай тұрған ұшақ түсіріп тастаған соң Астанаға ұшып кеткен. Ұшақ бірнеше сағаттан кейін сәтті қонды.