homepage
gov.kz

Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары қамауға алды

13.02.2025, 14:00

Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

НЕ ҮШІН ҚАМАЛҒАН?

Қалалық сот хабарламасына сәйкес Ержан Бабақұмаровты жол полицейлері 2025 жылы 29 қаңтарда сағат 03:15 шамасында Астана қаласы А.Төлебаев көшесімен «Toyota Land Cruiser Prado» маркалы автокөлігін жүргізіп келе жатқанда тоқтатқан. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, Бабақұмаровтың жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталды.

“Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ержан Бабақұмаровты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы» бойынша кінәлі деп таныды”, - делінген сот хабарламасында.

ҚАНДАЙ ЖАЗА БЕРІЛДІ?

“Сот Бабақұмаровты 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру туралы үкім шығарды”, - делінген қаулыда.

Айта кетсек, Ержан Бабақұмаров 2019-2022 жылдар аралығында оңтүстік астана әкімінің орынбасары болған. Одан кейін 2022 жылы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметін басқарды.

Бабақұмаров бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі (2019 жылғы сәуірден шілдеге дейін) және 2006-2007 жылдары Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін атқарған.