homepage
polisia.kz

Алматыда тағы бір әйелдің бөлшектелген мәйіті табылды

12.02.2025, 13:03

Алматыда "Green Recycle" қоқыс өңдеу зауытының аумағында қалдықтарды сұрыптау кезінде 1989 жылы туған әйелдің бөлшектелген денесі табылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.

Кейіннен белгілі болғандай, қылмыстық оқиға Әлмерек ықшамаудандағы жалдамалы үйлердің бірінде болған.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша әйел адаммен бірге тұрған ер адам бірге спирттік ішімдік ішемін деп жанжалдасып, әйелін өлтірген. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.