homepage
Видеодан кадр

Жантүршігерлік жол апаты: Жетісу облысында 4 адам қаза болды

08.02.2025, 09:38

Алматы-Өскемен тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы жол апаты 8 ақпанда Алматы-Өскемен тасжолының 271-шақырымында болған.

“Алдын ала мәліметтер бойынша, «Ауди» автокөлігінің жүргізушісі рөльге ие бола алмай жолдың ортасында тұрған ағашқа соғылған. Апат салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты, тағы бір жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді”, - делінген полиция хабарламасында.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізілі жатыр.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда аса мұқият болуға шақырады.