Әйелін аяусыз соққыға жығып өлтірді деп сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев өзі жазасын өтеп жатқан түзеу колониясының әкімшілігін сотқа берді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қылмыстық атқару жүйесі комитетінен хабарлағандай, сотталушы өз арызында оған ешқандай жеңілдіктер берілмейтінін көрсеткен. Алайда сот бұл талапты қанағаттандырудан бас тартты.
“Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сотталғандар жазасын өтеу тәртібін бұзған жағдайда ынталандыру шаралары берілмейді және бұл сотталушыда бір заңбұзушылық бар”, - деп түсіндірді комитетте.
Алайда Бишімбаевтың нақты қандай заң бұзғаны айтылмады.
Еске салайық, 2024 жылы 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі аяқталып, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін азаптап өлтіргені үшін кінәлі деп танылған еді. Ол 24 жылға сотталған болатын.