Енді үй жануарын одан ары асырай алмайтын иелері оның тағдырын шешіп, жаңа орынға орналастыруға міндетті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Тиісті өзгерістер Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен бекітілген үй жануарларын ұстау мен серуендетудің үлгілік қағидаларына енгізілді.
Үй жануарын қайда орналастыруға болады?
Құжатқа сәйкес, егер иесі немесе жануарға жауапты тұлға оны әрі қарай ұстай алмаса, жаңа орын табу үшін тиісті шараларды қабылдауы керек.
Ол үшін жануарды:
Бұл ретте жануарды уақытша ұстау пунктіне тапсырған жағдайда, оның бұрынғы иесі жануардың одан арғы заңды тағдыры анықталғанға дейін оны күтіп-бағуға кеткен шығындарды өтеуге міндетті.
Жануардан бас тарту жауапкершіліктен босатпайды
Жаңа талапта үй жануарынан жай ғана бас тарта салу иесінің жауапкершілігін тоқтатпайтыны нақты көрсетілген.
Яғни, басқа адам жануарға меншік құқығын алғанға дейін, ол панажайға берілгенге дейін немесе уақытша ұстау пунктіндегі жануардың заңды тағдыры анықталғанға дейін бұрынғы иесінің міндеттері сақталады.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша түзетулер енгізетін заңға қол қойған болатын.
Атап айтқанда, құжатта қаңғыбас иттерге қатысты «аулау – зарарсыздандыру – вакцинациялау – босату» бағдарламасын алып тастау қарастырылған.
Ал жануарлардың санын реттеу тәртібі мен мерзімін өңірдің қаржылық мүмкіндігі мен ерекшелігіне қарай айқындау құқығы мәслихаттарға берілді.