homepage
Robert Prange/Getty Images

Елена Рыбакина Торонто турнирінен қанша табыс тапты

14.08.2026, 11:17

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Торонто қаласында өткен WTA 1000 санатындағы турнирдің финалында Польша өкілі Ига Швёнтекке есе жіберді, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Астана уақытымен түнде өткен шешуші кездесуде әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингінде сегізінші орында тұрған Ига Швёнтекке 2:6, 3:6 есебімен ұтылды.

Турнирді финалист ретінде аяқтаған қазақстандық теннисші 560 мың АҚШ доллары көлемінде жүлде алды. Осылайша, оның мансабындағы жалпы жүлде қоры 29,7 миллион долларға жуықтады.

Ал турнир жеңімпазы Ига Швёнтек 1,1 миллион доллар сыйақы иеленді. Польша теннисшісінің мансаптық табысы 47 миллион долларға жуықтады. Бұл көрсеткіш бойынша ол WTA тарихында үшінші орында тұр.

Ига Швёнтек бұл көрсеткіш бойынша Серена Уильямстан (95 млн доллар) және әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкодан (50 млн доллар) кейін келеді.

Дереккөз: championat.com