Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы ұйымдарының киберқауіпсіздігін күшейту және азаматтарды алаяқтықтан қорғау шараларын арттырды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
2026 жылғы 12 шілдеден бастап қаржы нарығының барлық қатысушылары үшін ақпараттық қауіпсіздікке қатысты міндетті ең төменгі талаптар енгізілді. Банктерге қойылатын талаптар әсіресе қатаң. Олар кибертәуекелдерді басқаруға, ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, кибершабуылдарға жедел ден қоюға, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік аудиті мен жүйелерді тестілеуді тұрақты жүргізуге тиіс.
Агенттік талаптардың орындалуын есептілікті талдау, қашықтан бақылау және тәуекелге негізделген тексерулер арқылы қадағалайды.
Азаматтар алаяқтардан қалай қорғана алады?
Қаржылық алаяқтықтың алдын алуда азаматтардың өздері де сақтық шараларын сақтауы маңызды. Мамандар:
Ең маңыздысы: егер телефон арқылы немесе мессенджерде біреу сізден шұғыл ақша аударуды, SMS-кодты айтуды, белгісіз қосымша орнатуды немесе құрылғыға қашықтан кіруге рұқсат беруді талап етсе, оны алаяқтықтың белгісі деп қабылдаған жөн.
Мұндай жағдайда әңгімені тоқтатып, ақпаратты ұйымның ресми байланыс арналары арқылы қайта тексеру қажет.