Қазақстанда 2026 жылдың II тоқсанында еңбек нарығында оң динамика сақталды. Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген жұмыссыздық деңгейі 4,5% болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, осы кезеңде елдегі жұмыс күшінің саны 9 млн 844,5 мың адамға жетті. Оның 9 млн 399,9 мыңы жұмыспен қамтылған.
Жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі – жалдамалы қызметкерлер. Олардың саны 7 млн 253,2 мың адамды немесе жұмыспен қамтылғандардың 77,2%-ын құрады. Ал 2 млн 146,7 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына жатады.
15 жастан жоғары халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі 64,3% болды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жұмыспен қамтылғандар саны 99,5 мың адамға артқан. Өсім негізінен жалдамалы қызметкерлер санының көбеюіне байланысты.
Қай салаларда халық көп жұмыс істейді?
Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі бірнеше негізгі салаға тиесілі:
Бұл салалар елдегі жұмыспен қамтудың негізгі бағыттарын құрап отыр.
Жастар арасындағы жұмыссыздық – 2,9%
15-34 жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9% болды.
Ал жұмыс істемейтін, білім алмайтын және кәсіби даярлықтан өтпейтін NEET жастарының үлесі 5,7% деңгейінде қалыптасты.
Маусым айының соңында жұмыспен қамту органдарында 333,1 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Бұл жұмыс күшінің 3,4%-ына тең.
Жалпы көрсеткіштер Қазақстанда жұмыспен қамтылғандар санының өсіп, еңбек нарығындағы белсенділіктің сақталып отырғанын көрсетеді.