2026 жылдың басында Қазақстанда жасы 100-ден асқан 1323 адам тұрған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 28,4%-ға немесе 293 адамға көп, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Finprom зерттеуіне сүйенсек, 2025 жылдың басында елде 100 жастан асқан 1030 адам болған.
Ұзақ жасағандардың басым бөлігі – әйелдер. Олардың саны 1039 адам, яғни барлық жүз жастан асқан тұрғынның 78,5%-ын құрайды. Ерлер саны – 284 адам немесе 21,5%.
Алматыда жүз жастан асқандар көп
Қазақстандағы жүз жастан асқан адамдардың басым бөлігі қалаларда тұрады. 2026 жылдың басында олардың 953-і қалада, ал 370-і ауылдық жерде тұрған. Яғни, ұзақ жасағандардың 72%-ы – қала тұрғындары.
Өңірлер бойынша ең көп жүз жастан асқан адам Алматыда – 304 адам. Бұл елдегі барлық ұзақ жасаушылардың 23%-ына тең.
Кейінгі орындарда:
Осы бес өңірде Қазақстандағы жүз жастан асқан адамдардың 53,5%-ы тұрады.
Ал мұндай тұрғындар саны ең аз өңірлер – Маңғыстау облысы (11 адам), Ұлытау облысы (12 адам) және Атырау облысы (14 адам).
Қай өңірде жүз жастан асқандар саны аз?
Өңір халқының саны әртүрлі болғандықтан, тек жалпы санға қарап ұзақ өмір сүретін тұрғындардың үлесін бағалау қиын.
Халық санына шаққанда Қостанай облысы көш бастап тұр. Мұнда 100 жастан асқан адамдар өңір халқының 0,0181%-ын құрайды.
Одан кейін:
Ал жүз жастан асқан тұрғындардың үлесі ең төмен өңір – Маңғыстау облысы (0,0013%). Одан кейін Атырау (0,0020%), Қызылорда (0,0022%), Алматы облысы (0,0029%) және Астана (0,0032%) тұр.
Айта кетейік, 2021-2022 жылдары статистикада жүз жастан асқан тұрғындар саны бойынша күрт айырмашылық байқалған. Бұл 2021 жылғы Ұлттық халық санағының қорытындысы бойынша есептеу әдістемесінің өзгеруіне байланысты.
2022 жылдан бастап халық саны туралы есеп соңғы санақ деректеріне негізделеді.