Қазақстан шекарасында 10 күнде 1 млрд теңгеден астам заңсыз жүк тасымалының жолы кесілді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізу әрекеттерінің жолын кесті.
ҰҚК мәліметінше, 1-10 тамыз аралығында 551 заңсыз тасымалдау фактісі анықталған. Заңсыз өткізілмек болған тауарлар мен жүктердің жалпы құны 1 млрд теңгеден асты.
Оның ішінде:
Заң талаптарын бұзған азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.
ҰҚК Шекара қызметі өткізу пункттерінде құқыққа қайшы әрекеттерді анықтау және олардың жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.