homepage
AWF

Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

12.08.2026, 11:36

Төрехан Асанхан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына күміс жүлде түсті.

“Төрехан Асанхан 70 келіге дейінгі салмақта жас жеткіншектер арасында екінші орын алды”, – делінген хабарламада.

Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 269 (119+150) келіні еңсерді.

Таиланд өкілі Витчая Пратхумта алтын жүлдеге ие болды - 273 (119+154) келі. Иран спортшысы Реза Замани үздік үштікті түйіндеді - 268 (122+146) келі.