homepage
фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысында жол апатынан Германия азаматтары қаза тапты

11.08.2026, 18:44

Ақмола облысында ірі жол апаты болып, екі шетелдік азамат қаза тапты. Қаза тапқандар Германиядан келген ерлі-зайыптылар, олардың 9 жастағы қызы да жол-көлік оқиғасынан жарақат алып, ауруханаға түсті.

Қайғылы жағдай кеше Астана-Петропавл тасжолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes-Benz Sprinter және ГАЗ-53 көліктері соқтығысқан. Қаза тапқан шетелдік азаматттар Sprinter көлігінде болған, ер адам оқиға орнында қаза тапса, әйел алған ауыр жарақаттарынан ауруханада қайтыс болған.

Жол апаты кезінде Sprinter салонында болған тағы жеті адам және ГАЗ-53 көлігінің бір жолаушысы түрлі жарақат алған. Барлығы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.

Полиция жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Mercedes-Benz Sprinter көлігінің жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.