homepage
Фото: ҰОК

Головкин тағы бір халықаралық ұйымға вице-президент болуы мүмкін

11.08.2026, 14:52

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт ассоциациясының (ISSA) Азия мен Еуропа бойынша вице-президенті лауазымына үміткерлердің ресми тізіміне енді.

Головкиннің кандидатурасы біліктілік және этикалық талаптарға сәйкестігі бойынша қажетті тексеру рәсімдерінен өткен. Ол 2026–2029 жылдарға арналған ISSA Атқарушы комитетінің сайлауына Қазақстан ҰОК атынан қатысады.

Сайлау 12 қыркүйекте Сауд Арабиясының Таиф қаласында өтетін ISSA-ның 15-ші Бас ассамблеясы аясында ұйымдастырылады.

ISSA Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің Ұлттық Олимпиадалық комитеттерін біріктіреді. Қауымдастықтың негізгі спорттық жобаларының бірі – Ислам ынтымақтастығы ойындары.

Айта кетейік, Головкин қазір Қазақстан ҰОК президенті әрі World Boxing ұйымының президенті қызметін атқарады.