Бүгін Қазақстанда тамыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды. Тестілеу 14 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, тамыз ҰБТ-сына қатысу үшін 30 мыңнан астам өтініш қабылданған.
Өтініш бергендердің басым бөлігі тестілеуді қазақ тілінде тапсырады. Атап айтқанда, қатысушылардың 65 пайызы қазақ тілін, 35 пайызы орыс тілін таңдаған. Ал 100 адам ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыруға ниет білдірді.
Тестілеудің алғашқы күнінде 6,7 мыңнан астам адам білімін сынайды.
Тамыз ҰБТ-сына кімдер қатыса алады?
Тестілеуге биылғы және бұрынғы жылдардағы мектеп пен колледж түлектері қатыса алады.
Сондай-ақ тамыз ҰБТ-сына:
Бұдан бөлек, колледж түлектері өз мамандығы бойынша жоғары оқу орнында ақылы негізде білімін жалғастыра алады. Бұл жағдайда талапкерлерді университеттердің қабылдау комиссиялары әңгімелесу нәтижесі бойынша қабылдайды.
Осылайша тамыз ҰБТ-сы жоғары білім алуды жоспарлаған талапкерлер үшін тағы бір мүмкіндік береді.