homepage
ҚТФ баспасөз қызметі

Елена Рыбакина Канададағы “мыңдық” турнирдің ширек финалына өтті

10.08.2026, 11:25

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, 1/8 финалда қазақстандық теннисші ресейлік Людмила Самсоновамен кездесті.

Үш сетке созылған тартысты кездесуде Рыбакина 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Елена Рыбакинаның ширек финалдағы қарсыласы Жапония өкілі Наоми Осака болмақ.