homepage
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстанда Абай есімді қанша адам бар

10.08.2026, 10:23

Бүгін, 10 тамызда Қазақстанда Абай күні аталып өтеді. Осыған орай еліміздегі ұлы ақынның есімін иеленген азаматтарға қатысты қызықты статистика жарияланды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қазіргі таңда Қазақстанда Абай есімді 18 961 адам тұрады.

Бұл есім ең көп таралған өңірлер қатарында:

  • Астана – 2 186 адам;
  • Түркістан облысы – 2 008 адам,
  • Алматы қаласы – 1 740 адам бар.

Статистикаға сәйкес, Абай есімді ең үлкен жастағы қазақстандық 1932 жылы туған.

Ал бұл есімді иеленгендердің арасында 30-34 жастағы азаматтар басым. Бұл жастағы Абайлардың саны – 3 267 адам.

Абай есімі жаңа туған сәбилерге де қойылып жүр. 2026 жылдың алғашқы алты айында 91 балаға Абай есімі берілген.

Бір қызығы, Қазақстанда Абай есімді 9 әйел адам бар.

Сонымен қатар ұлы ақынның шын есімі – Ибраһимге қатысты есімдерді иеленген азаматтар саны да аз емес. Елімізде Ибраһим, Ибрагим және Ибрахим есімдерін иеленген 37 844 адам тіркелген.

Абай есімі Қазақстанның географиялық атауларында да кеңінен кездеседі. Қазір елімізде бір облыс, бір қала, үш аудан және 26 ауыл ұлы ақынның есімімен аталады.

Осылайша, Абай есімі тек әдебиет пен мәдениетте ғана емес, Қазақстанның демографиялық және географиялық картасында да кеңінен көрініс тапқан.