homepage

Ақтауда әйел адам көпқабатты үйден құлап қаза тапты

09.08.2026, 12:38

Ақтауда көпқабатты үйден құлаған әйел қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Lada.kz жазуынша, қайғылы оқиға 4-шағынаудандағы №10 үйде болған.

“Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр”, – делінген Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, әйел тоғызыншы қабаттан құлаған. Тергеу барысында қарастырылып жатқан нұсқалардың бірі – суицид.

Оқиғаға қатысты өзге мәлімет әзірге жарияланған жоқ.