homepage
Фото: Edijs Pālens/LETA

СҚО-да жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып өлтірген

02.02.2025, 11:53

Солтүстік Қазақстан облысында Volkswagen Passat жүргізушісі көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қайғылы оқиға 1 ақпанда Тайынша ауданындағы Драгомировка және Обуховка ауылдарының арасында, Астана-Петропавл тасжолында болған.  

Белгілі болғандай, 60 жастағы қария Астанаға қарай келе жатқан.

“Жүргізуші Петропавл қаласының 43 жастағы тұрғынын қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды”, - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.