Украина АҚШ-қа Каспий құбыр консорциумының (ҚҚК) нысандарына және ресейлік емес танкерлерге шабуыл жасамауға уәде берген. Бұл туралы Bloomberg америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап хабарлады.
Келісім бойынша танкерлер Ресей мұнайын немесе ресейлік жүктерді тасымалдамауы тиіс, сондай-ақ Ресей азаматтары мен компанияларына тиесілі болмауы қажет.
Каспий құбыр Консорциумы – Қазақстан мұнайын экспорттаудың негізгі бағыты. Әлемдік мұнай жеткізілімінің шамамен 2 пайызы осы жүйе арқылы өтеді. Бұған дейін «Теңізшевройл» мұнайы тиелген танкерге дрон шабуыл жасап, кемеде өрт шыққан еді.