Алдағы күндері Астана мен Алматыда күн қайта ысып, ауа температурасы 36 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Астанада бүгін ауа температурасы +27…+29 градус болады. Жаңбыр жаумайды. Ертең 9 тамызда ауа температурасы +31…+33 градусқа дейін көтеріледі. Ал, 10 тамызда аптап ыстық болады деп болжайды синоптиктер, ауа температурасы +34…+36 градусқа жетеді.
Алматыда бүгін ауа температурасы +32…+34 градусты көрсетеді. 9 тамызда түнде +20…+22, күндіз +33…+35 градусқа дейін ысиды.