homepage
depositphotos.com

Қазақстанда 75 мыңнан астам талапкер білім грантының иегері атанды

07.08.2026, 15:18

Қазақстанда 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері анықталды. Биыл 75 мыңнан астам талапкер еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, биыл грант конкурсына шамамен 127 мың өтініш түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға көп. Яғни жоғары білімді мемлекеттік грант арқылы алуға деген сұраныс артқан.

Гранттарды бөлу кезінде ел экономикасына қажетті мамандықтарға басымдық берілген. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, гранттардың 60 пайызы инженерлік және техникалық даярлау бағыттарына бөлінді.

Өңірлерді білікті кадрлармен қамтамасыз етуге де ерекше көңіл бөлінген. «Серпін» жобасы аясында 2 мыңнан астам талапкер Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстандағы жоғары оқу орындарында білім алады.

Биыл да әлеуметтік осал топтарға арналған квоталар сақталған. Сонымен қатар халықаралық олимпиадалар мен ірі спорттық жарыстардың жеңімпаздарына конкурстан тыс гранттар берілді. Мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға 1816 грант қарастырылған.

Министрлік гранттарды тағайындау конкурсы бұрынғыдай ашық әрі белгіленген тәртіппен өткенін атап өтті.

Сондай-ақ қазақстандық талапкерлер елімізде жұмыс істейтін шетелдік жоғары оқу орындары мен олардың филиалдарында білім алу үшін де мемлекеттік грант иелене алады.

Гранттың электрондық куәліктері үш жұмыс күні ішінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының grant.testcenter.kz сайтында қолжетімді болады.

Ал жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызды қоса алғанға дейін жалғасады.

Грант конкурсының нәтижелерімен мына сілтемелер арқылы: 

Мемлекеттік білім беру грантының электрондық куәліктері үш жұмыс күні ішінде ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының grant.testcenter.kz сайтында қолжетімді болады.

Ал жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызды қоса алғанға дейін жалғасады.