homepage
Olympic.kz

Жапониядағы Азия чемпионаты: Қазақстан ескекшілері екі алтын медаль алды

07.08.2026, 10:27

Қазақстан құрамасы Жапонияның Киото қаласында өтіп жатқан ескек есу марафоны бойынша Азия чемпионатындағы алғашқы жүлделерін еншіледі, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, құрлық біріншілігінде Кирилл Тубаев пен Полат Төребеков алтын медаль иеленді.

Кирилл Тубаев байдаркамен есуде 3400 метр қашықтықта топ жарып, Азия чемпионы атанды.

Ал Полат Төребеков 3400 метр қашықтықтағы каноэ жарысында мәреге бірінші болып келіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.