2026 жылдың шілде айында Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 104,6 мың бос жұмыс орнын жариялады. Ал жұмыс іздеушілер 141,2 мың түйіндеме орналастырған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Маусыммен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 3,8%-ға азайса, түйіндемелер саны 11,5%-ға артқан. Мамандар мұны жаз мезгіліндегі маусымдық үрдіспен байланыстырады. Бұл кезеңде оқу орындарының түлектері еңбек нарығына белсенді шығып, жұмыс іздеушілер саны көбейеді.
Қай салаларда жұмыс көп?
Шілде айында жұмыс берушілер ең көп вакансияны мына салаларда жариялаған:
Өңірлер арасында бос жұмыс орындарының саны бойынша Астана (8,8 мың), Түркістан облысы (7,6 мың), Павлодар облысы (7,1 мың), Алматы қаласы (7 мың) және Ақмола облысы (6,9 мың) көш бастап тұр.
Ең жоғары жалақы қандай мамандықтарға ұсынылды?
Enbek.kz мәліметінше, шілде айында ең жоғары жалақы төмендегі лауазымдарға ұсынылған:
Ал жұмыс іздеушілердің ең жоғары жалақы күткені:
Жыл басынан бері Enbek.kz платформасында жалпы 709 мың бос жұмыс орны мен 877,2 мың түйіндеме жарияланған. Бұл еңбек нарығында жұмыс іздеушілер белсенділігінің жоғары екенін көрсетеді.