homepage
istockphoto

Қазақстанда заңсыз жүрген үндістандықтар елден шығарылды

06.08.2026, 12:20

Алматыда көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған Үндістан Республикасының 35 азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған шетел азаматтары Қазақстанда болуға рұқсат етілген мерзім аяқталғанына қарамастан ел аумағында заңсыз жүрген.

Арнайы іс-шаралар барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері олардың жүрген жерін анықтап, ұсталған.

“Сот шешімімен барлық құқық бұзушы Қазақстан Республикасының аумағынан депортацияланды. Полиция қызметкерлері оларды Алматы халықаралық әуежайында шекаралық және паспорттық бақылаудан өткенге дейін шығарып салды”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар шетел азаматтарының елден уақытылы кетуін қамтамасыз етпеген қабылдаушы тараптар да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция Қазақстанда көші-қон заңнамасын сақтау шетел азаматтары үшін ғана емес, оларды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар үшін де міндетті екенін еске салды.

Ведомство мәліметінше, көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.