Бүгін Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы Нұрсат шағынауданында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 2023 жылы туған бала ересектердің қарауынсыз қалып, көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтердің терезесінен абайсызда құлап кетіп, көз жұмған.
“Биыл Шымкент қаласында балалардың терезеден құлауына байланысты 9 оқиға тіркелді. Өкінішке қарай, олардың 4-і қайғылы жағдаймен аяқталса, 5 бала түрлі дәрежедегі жарақат алды”, – делінген ТЖД хабарламасында.
Осыған байланысты Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналар мен заңды өкілдерді балаларды бір сәтке де қараусыз қалдырмауға шақырады.
Есте сақтаңыз:
“Балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамаңыз! Төтенше жағдай туындаған кезде дереу 112 нөміріне қоңырау шалыңыз”, – деп ескертті төтеншеліктер.