homepage
Видеодан кадр

Бетперде киген жігіт бар туғанынан бір күнде айырылған жасөспірімге пәтер сыйлады

01.02.2025, 08:45

Бетперде киген жұмбақ жігіт Солтүстік Қазақстан облысындағы жеке үйден шыққан өрт кезінде бар туғанынан айырылған жасөспірімге пәтер сыйлады, деп хабарлайды Juzmedia.kz 

Әлеуметтік желілердің ең сүйікті кейіпкеріне айналған жұмбақ жігіт көру қабілеті нашар, өрт салдарынан жетім қалған 16 жастағы Станиславқа көмек көрсетті.

“Төрт күн бұрын бүкіл отбасым өртте қаза тапты. Әкем, үш қарындасым мен інім өртке оранған үйден шыға алмай, көз жұмды. Өрт кезінде мен қалада жатақханада болған едім. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз, бірақ электр сымдарында қысқа тұйықталу болған деген болжам бар. Бәрі ыстан уланып көз жұмған. Әкесі 40 жаста, әпкем 18 жаста, бір қарындасым 13 жаста, інім 10 жаста, ең кіші қарындасым 7 жаста еді. Осыдан жеті жыл бұрын анам өмірден өткен болатын. Менің көру қабілетім нашар, - 4. Қалаға іні-қарындастарымды оқуға апарсам деп армандайтынмын. Енді өзімді жалғыз сезінемін, ары қарай не істерімді де білмеймін”, - деп көзіне жас алды Станислав.

Бетперде киген жігіт жасөспірімге пәтер беріп, оның оқуы мен еміне кететін шығынды да өзі төлеген.

“Сенің жан жараңды сезіну мүмкін емес, бірақ сен жалғыз емессіз, біз бұл қиындықты бірге жеңе аламыз. Енді оқу ақысына алаңдамай, емделе аласың және жаңа пәтердің иесі атандың”, - деді қайырымды азамат.

Еске салсақ, бұған дейін СҚО-да жеке үйден өрт шығып, жалғызбасты әке мен оның төрт баласы өртеніп кеткенін хабарлаған болатынбыз.