homepage
depositphotos.com

Әйел кәсіпкерлерге берілетін несиелер енді қалай бақыланбақ

05.08.2026, 12:58

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әйел кәсіпкерлерді қаржыландыруды мониторингтеуге арналған ұлттық аналитикалық платформаны іске қосты, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Жаңа цифрлық ресурс Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп әзірленген. Платформаның басты мақсаты – әйел кәсіпкерлердің қаржы ресурстарына қолжетімділігі туралы деректерді жинақтап, талдау және осы саладағы ақпараттың ашықтығын арттыру.

Платформада банк пен микроқаржы ұйымдары арқылы берілген несиелер туралы мәліметтер қамтылған. Сондай-ақ шағын, орта және ірі бизнеске қатысты өңірлік, салалық және демографиялық көрсеткіштер бойынша талдау жасауға мүмкіндік бар.

Жүйе пайдаланушыларға есепті күн, бизнес түрі, кәсіпкерлік көлемі және өңірлер бойынша қажетті ақпаратты сүзгіден өткізіп, өзіне қажетті аналитиканы қалыптастыруға жағдай жасайды.

Аналитикалық платформа wefikazakhstan.com сайтында орналастырылған. Ол тәулік бойы қолжетімді және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жұмыс істейді.

Агенттік бұл бастама әйелдер кәсіпкерлігін қолдау шараларын жетілдіруге, қаржыландырудың ашықтығын арттыруға және тиімді шешімдер қабылдауға негіз болатын деректер қорын қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.